Hilmi Ziya Ülken

Кілт сөздер
Османалы түрік тілі
Түрік тілі
Махаббат ахлағы
Демократия ахлағы Erdem иерархиясы
Еркіндік пен теңдік
Hilmi Ziya Ülken - түрік ой-сана тарихы мен Түркиядағы философиялық дәстүрдің қалыптасуына зор ықпал еткен Түркия тарихындағы ең ірі философ. Ол Стамбул мен Анкара университеттерінде ұзақ жыл жұмыс істеп, Түркиядағы социология ғылымын институтқа айналдырған ғалым. Алпыс жылдан астам уақыт бойы философия, әлеуметтану, мәдениеттану, саясаттану, тарих, тарих философиясы, тіл тарихы, тіл философиясы сынды әлеуметтік-гуманитарлық бағытта ғылыми зерттеулер жүргізіп шамамен 1350-дей ғылыми жариялым жасап кейінгі буынды, жас ұрпақты тәрбиеледі. Ғалымның еңбегін бағалаған Түркия Республикасының Тұңғыш президенті Мұстафа Кемал Ататүрік оған жоғары баға беріп Анкарада жеке кездесуге шақырған.
Ғалымның бар жариялымын тізбектеу мүмкін емес, сондықтан негізігі еңбектердің бірқатары:
«Türk Tefekkürü Tarihi» (Түрік ойлау тарихы)
«Türkiye'de Çağdaş Düşünce Tarihi» (Түркиядағы қазіргі заман ой тарихы)
«Felsefeye Giriş» (Философияға кіріспе, 1, 2 том)
«Varlık ve Oluş» (Болмыс пен болу)
«Ahlak» (Ахлақ/Мораль)
«İslâm Felsefesi: Kaynakları ve Tesirleri» (Ислам философиясы: қайнар көздері мен әсерлері)
«İlim Felsefesi» (Ғылым философиясы)
«Yeni Zamanlar Felsefesi» (Жаңа заман философиясы)
«Uyanış Devirlerinde Tercümenin Rolü» (Жаңғыру дәуірлеріндегі аударманың рөлі)
«Ziya Gökalp» (Зия Гёкалп)
«Umumi İçtimaiyat» (Жалпы әлеуметтану)
«Sosyoloji Sözlüğü» (Социология сөздігі)
«Yarım Adam» (Жартылай адам)
«Şeytan'la Konuşmalar» (Шайтанмен сұхбаттар)
«Anadolu Hayali» (Анадолы қиялы)
«Anadolu Kültürü Üzerine Makaleler» (Анадолы мәдениеті туралы мақалалар)
«Millet ve Tarih Şuuru» (Ұлт пен тарих сезімі/санасы)
«Hakimiyet» (Үстемдік/Билеу)
«İslam Düşüncesi» (Ислам ойы) - I-II том (Ислам ойына кіріспе / Ислам философиясы тарихы)
«Toplum Yapısı ve Soya Çekme» (Қоғам құрылымы және тұқым қуалаушылық)
«Destanlar» (Дастандар/Эпостар)
«Bilgi ve Değer» (Білім және құндылық)
«Aşk Ahlâkı» (Махаббат ахлағы)
Оның «Aşk Ahlâkı» (Махаббат Ахлағы) атты еңбегі қырық жылға созылып 1931 жылы жарық көрді, ол «халыққа қарамастан, халық үшін кітап» деп аталды. Кітап 1958 жылы екінші рет, 1971 жылы үшінші рет өңделіп, кеңейтілген түрде қайта басылды. Еңбектің бірнеше рет қайта басылуына 1928 жылы Ататүріктің латын әліпбиіне көшкен тіл реформасы нәтижесіндегі өзгеріске ұшыраған «түрік тілі» тікелей ықпал етті.