Байтенова Нағима Жаулыбайқызы

Философия ғылымдарының докторы, профессор, 2006 жылдың «Үздік оқытушысы», «ҚР ғылым дамуына қосқан үлесі үшін» төс белгісімен марапатталушы, 2008-2010 жж. «Көрнекті ғалым» грант жеңімпазы, ғылым степендиясының иегері, «Ғылым философиясы және дінтану» кафедрасының меңгерушісі және философия ғылымдары бойынша докторлық диссертациялық кеңес төрайымы. Байтенова Иранда, Үндістанда, Татарстанда, Чехияда, Турцияда, Египетте, Малайзияда, Кореяда, Ресейде, Қырғызыстанда, Өзбекстанда болып халықаралық ғылыми-теоретикалық және ғылыми-практикалық конференцияларда, конгресстерде, симпозиумдерде, түрлі деңгейдегі дөңгелек үстелдер мен кездесулерге қатысып тәжірибе алмастырған және Делиде, Қазандағы Ресей Ислам университетінде, Мухаммадия медресесінде, Куль-Шарифте, Прагадағы Карлова университетінде, Кониядағы Селджук университетінде болып, экспрезидент Мухаммед Сайд Хатами сынды танымал қоғам және мемлекет қайраткерлерімен кездесіп, пікірлесіп мол тәжірибе жинаған ғылым докторы. Ғалым рухани мұраға айналған әлемдік және қазақ философиясы мен әлеуметтанулық ойды қазақ тіліне аудару және қайта қалпына келтіру мақсатындағы «Мәдени мұра» республикалық бағдарламасының белсендісі, «теология» жаңа мамандығын дайындауды игеру мен дін антропологиясы бойынша PhD докторларын дайындау жұмыстарын жүргізуші. Ол Қазақстандағы этникааралық және конфессияаралық мәселелерді шешудің өркениеттік негіздері мәселесімен шұғылданушы ғалым.
Негізгі шығармалары: Этника аралық интеграция 1998, Ғылым тарихы мен философиясы 2006, Философия 2006, Қазақстандағы діндер (құрастырушы) 2008, Қысқаша діндер тарихы (құрастырушы) 2009.