Ғабитов Тұрсын Хафизұлы

Философия ғылымдарының докторы, мәдениеттану профессоры, 1986-1988 жылдар аралығындағы Кабул университетінің кеңесшісі. Философиялық пәндер бойынша дайындаған оқулықтары үшін А.Байтұрсынов атындағы «Саңлақ автор» медалімен марапатталған, «жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» (2007) мемлекеттік грант иегері, Қазақстандағы Ғылым мен білім дамуына қосқан үлесі үшін президенттік ғылыми стипендия иегері, «Үздік автор» ҚР жоғары оқу орындары ассоцация конкурсының лауреаты. Қазақ мәдениетінің типтік бітімдерін зерттеп, оны мәдениеттанудың жаңа қырларымен сабақтастырып, мәдениет философиясының басқа да салаларын зерттеп жүрген отандық философ. Еңбектері: «Мәдениеттану», «Қазақ мәдениетінің типологиясы», «Мәдениеттануға кіріспе», «Словарь культурологии», «На пути к культуре мира», «Этика юриста», «Этика бизнеса», «Әдептану негіздері», «Философия», «Құқық философиясы». 200-ден астам ғылыми еңбектің авторы, оның 35 жеке және әріптестік монография, оқулық және оқу құралдарының авторы.