Қазыханова Батеш Рахымханқызы

(1929) – философия ғылымдарының докторы, профессор, МАИ академигі. (1952 ж.) С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін аяқтаған; (1953 ж.) Москва мемлекеттік университеті жанындағы қоғамдық ғылым оқытушыларының біліктіліктілігін арттыру курсынан өткен. КазССР Жоғарғы Кеңестің және ҚР Құрмет грамотасымен, медальдарымен марапатталған, КазССР жоғарғы мектебінің еңбек сіңірген қызметкері. Қ. философияның өзекті салалырана жататын этика ғылымымен және эстетика саласының отандық философиядағы іргетасын қалып, көптеген ғылыми еңбектер жазған ғалым. Негізгі еңбектері: «Роль художественного наследия в эстетическом воспитании народа» 1973, «Возьми в дорогу красоту» 1985, «Пути в мир прекрасного» 1990.