Кішібеков Досмұхамбет

философия ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Ұлттық Ғылым Академиясының академигі, Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің және Қорқыт ата атындағы Қызылорда, Ш.Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университеттерінің құрметті профессоры, Қазақстан Ғылым академиясының корреспондент мүшесі. 50 монография, оқулықтар, кітапшалар, жалпы көлемі 670-тен астам басылымдардың авторы. Ғалым К. Ұлы Отан соғысының ардагері, Қазақстан республикасы жоғарғы мектебінің еңбек сіңірген қызметкері, «Халықтар достығы» орденімен, мемлекеттік медальдармен марапатталған. Қазақ халқының тарихына алғашқылардың бірі болып философиялық сараптау жасап, көшпенділіктен жаңа өмірге өту үрдісін мазмұнды талдаған. Қазақ халқының ғасырдың аяғында тағы да бір өтпелі кезеңнен өту үрдісіне байланысты ғалым бүгінгі таңдағы өзгерістерді сараптап, нақтылы да тиімді ұсыныстар беруде. Атап айтқанда, К. Пікірінше қазіргі таңдағы Қазақстан жағдайындағы жаңару мен дамудың негізі – қазақстандық патриотизмде деген тұжырым жасайды.
профессор, философия ғылымдардың докторы, ҚР ҰҒА академигі, 1925 жылы желтоқсанда Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Шиелі станциясында туған. Шиелі қазақ орта мектебінен кейін 1942 ж. желтоқсаннан 1946 ж. қаңтарына дейін Кеңес армиясы қата- рында азаматтық борышын атқарды. 1949 ж. қазан айынан 1953 ж. науры- зына дейін Қазақстан Республикасы Ғылым Академиясының «Философия» мамандығы бойынша КСРО Ғылым академиясына жолдамамен жібе- рілген, аспирант. 1953 ж. наурызында КСРО Ғылым Академиясында канди- даттық диссертация қорғады (Мәскеу қ.). 1965 жылдың қарашасында
«Капиталистікке дейінгі өндірістік қатынастарды социалистік қатынаста- рымен алмастыру заңдылықтары туралы» тақырыбында докторлық диссер- тация қорғады (Мәскеу қ.). 1967 ж. оған профессор ғылыми атағы берілді. 1972 жылы наурызында Қазақ КСР Ғылым Академиясында «Философия» мамандығы бойынша корреспондент-мүшесі болып сайланады. 2003 жылы қазан айында Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясына академик болып сайланады. 1996 жылдан осы күнге дейін Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінде қоғамдық ғылымдар кафедрасының профессоры. Ол 680 басылымдар авторы, оның 55-і кітап- тар, кітапшалар, оқулықтар. Оның басшылығымен 18 адам кандидаттық, 5 адам докторлық диссертация қорғады. Д. К. ең алғаш қазақ тілінде жарық көрген «Философия» оқулығының жетекшісі, әрі авторларының бірі (1991 ж.). Оның Ұ. Сыдықовпен бірігіп жазған қазақ тіліндегі «Философия» оқулығы 2008 жылы 9-ші рет өңделіп жарық көрді. Ол «Ұлы Отан соғысында (1941– 1945 жж.) Германияны жеңгені үшін» медалімен (1945 ж.), «Халықтар достығы» орденімен (1985 ж.), Академик С.И. Вавилов атындағы бүкіл- одақтық «Білім» қоғамының медалімен, ҚР Білім министрлігінің «Ыбырай Алтынсарин» (1995 ж.) медалімен марапатталған. Д.Кішібековтің ғылыми еңбектері: «Өтпелі қоғамдық қатынастар» (1972), «Қазақстан өтпелі кезең. Қиындықтар мен мәселелер» (1976ж.), «Көшпелі қоғам. Генезис, Даму, Құлдырау» (1984), «Қазақ менталитеті: кеше, бүгін, ертең» (1999), «Тарих философиясы және бүгінгі заман» (2002), «Сөз және жазу: дыбыс таңба жүйесінің трансформациясы» (2004), «Ұлттық идея және идеология» (2006), «Қазақтар менталдығының бастауы» (2006), «Мәдениет және өркениет» (2009), «Тәуелсіздік философиясы» (2011), «Өмір мәні» (2012), «Ғылым тарихы мен философиясы» (Т.Кішібековпен бірлесе). Философия, Кочевое общество: генезис, развитие, упадок 1984, Национальная идея и идеология 2007.