Құдайбергенов Білім Кайнелұлы

(1945-2008) – философия ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Әлеуметтік Ғылымдар Академиясының академигі. ММУ аспирантурасын бітірген Қ. Элиста қаласындағы Қалмақ Унивесритетіне оқытушылық қызметке арнаулы жолдамамен жіберіліп, аталмыш университетте философия кафедрасының аға оқытушысықызметіне оқу ісі жөніндегі проректорға дейін жоғарылайды. Қ. жастарға білім мен тәрбие беру жолында атқарған жетістіктері үшін БЛКЖО Орталық комитетінің, Ресей федерациясы Жоғары оқу орындары министрлігінің қтау грамоталарымен бірнеше мірте марапатталған. 1994 жылы ҚР Білім министрлігінің басшылық жұмыстарына шақырылып, онда әлеуметтік-гуманитарлық білім беру әдістемесінің тұрғызылуына, еліміздің барлық жоғары оқу орындарында «Қазақстан тарихы» пәнінен Мемлекеттік емтихан комиссиясына енгізуге, ҚР оқу орындарын лицензиялау, аттестациялау, аккредитациялауды белгіленген тәртіп бойынша жүргізуге белсене қатысады. 1995 ж білім саласында білікті еңбегі үшін ҚР Білім Министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталады. Қ. ҚР егемендік алуына және қоғамның бүгінгі күнгі талабына сай ҚазҰУ «Дінтану» жаңа мамандығының ашылуына себепкер болып, республикамызда гуманитарлық білімнің жаңаруына, мемлекеттік стандартты жасақтауға, дінтанушы бакалавр және магистрлерге бағдарламалар жасауға зор үлес қосты. Қ. еліміздегі дінтану мамандығының ашылуына себепкер болып, дінтану мамандығының стандартын жасақтау- ға, дінтанушыларға арналған типтік бағдарламалар мен оқу-әдістемелік құралдар жасауға зор үлес қосты. Қ. діндер тарихы мен теориясы, дін фило- софиясы саласында шығармашылық ізденістер жүргізді. Ол қоғам және адам өміріндегі руханилықтың мәніне, рухани құндылықтар мен қажет- тіліктердің діни философиялық астарын зерделей отырып, дін мен дәстүр, діл мен діннің арақатынасына дінтанулық талдау жасады. Қ-тың жетек- шілігімен бірнеше кандидаттық және докторлық диссертациялар қорғалды. Еңбектері: Социально-философские поиски духовности. – А., 1998. Информатизация общества: Социально-философский анализ. – А., 2004.