Молдабеков Жақан Жамболұлы

Философия ғылымдарының докторы, профессор, «Қазақтану» идеясының авторы. «Қазақтану» саласына біртұтастық тұрғыдан қарап, тарихи, әлеуметтік-экономикалық, саяси-құқықтық рухани сараптау жасаған. Қазақтанудың маңызы – табиғаттағы атамекенге деген тәнтілік пен теңестік ұғымында, елжұрттағы адамға деген жарқындық пен жарастық үлгісінде, дәстүрге берілген және бекем ұйытқысында, ұрпаққа деген ұлағаттық пен ұластықты үлесінде. Еліміз тәуелсіздігін алғасын галым қазақ халқьгаьщ үлттық дүниетанымы мен гуманистік қүндылықтарына ерекше назар аударады. Осы тақырьшқа арнап республика жоғаргы оқу жүйесінде алғаш “Қазақтану” арнайы курсын ендірді, қазақтану мәселесін жаңа методологиялық жәые концептуальдық негізде көтеруге жемісті еңбек етуде. Жогарғы оқу орнында алгаш рет екі тілде “Қазақтану” арнайы курсын студенттерге, магистрларга, аспиранттарға және басқа да курстарды оқиды. “Қазақ осы, мың өліп мың гірілген”- Алматы, 1998, “Қазақтану”.- Алматы, 2003 оқу қүралдарын, “Менде бір қазақпын”.- Алматы, 2003 поэзия жинагын жазды. 1996- 1997 жж. “Қазақстандағы рухани келісім: концептуальды және әлеуметтік - психологиялық талдау” тақырыпта Білім және ғылым Министрлігінің грантын жеңіп алган шығармашылық топқа жетекшілік етеді. Республикалық және облыстық газеттердегі ондаган публицистикалық материалдарды есептемегенде, бүгінде 9 ғалым Жақан Молдабеков 200-ден артық ғылыми еңбектердің авторы. Соның ішінде '‘Идеология обновления: переход к субъективности (1990), “Ғашықпынасықтым, ғашықтықтан тасыппын” (2000), “Государственность Казахстана: эволюция становления” (2001) кітагітардың, “Адам жэне табигат”, “Адам факторы”, “Жастар белсенділігі”, “Қазіргі антикоммунизм дағдарысы” және басқада алты кітаптының авторы. “Қазақстан” үлттық және “Абай” энциклопедияларында көптеген мақалалардың иегері. Авторлар алқасымен бірге “Философия” (1992), “Политология” (1998) оқулықтарын, “Философия және мәдениеттану” (1998), “Шығыс философиясы” - Алматы , 2001 /А.Қасабекпен бірге, т.б. да, “Этнопедагогика” (2003), “Кәсіби этика” (2003) оқу қүралдарын, “Философия және саясаттану сөздігін” (2001), “Педагогика және психология” (2002) түсіндірме сөздігін жазды. Варшавада поляк тілінде шыққан “Қазақстан және Польша” (2000) атты монографияның бір тарауының авторы. 8 ғылыми монографияның редакторлар алқасының мүшесі. Профессор Ж. Молдабеков республикалық гуманитарлық білімнің оқу-әдістемелік негізін қүрастыруға өзіндік үлес қосып келеді. Ол қазақ және орыс тілдерінде “Философия” (1999), “Саясаттану” (1998), “XX ғасырдагы батыс философиясы” (2001), “Жаңа дәуір философиясы” (2002), “Антикалық философия” (2002 - 2003), “Көне шығыс философиясы” (2003) пәндерінің типтік багдарламасын түңғыш рет жасап бастырды. Ғалымдармен бірлесе “ҚазҮУ-дың тәрбие бағдарламасы” (2002), “Адамтану” бағдарламас. Алматы, 2001, Білім Академиясының ғалымдарымен бірлесе “Қазіргі мектеп жүйесіндегі тәрбие жүйесінің мәселелері”, “Өзіндік таным” багдарламасының жобасын жасауға қатысты. Профессор Ж. Молдабековтың басшылығымен көптеген студенттер республикалық конкурстың жүлдегері атанды. 10 Профессор Молдабеков Ж. ғылыми және педагогикалық жүмысқа жоғарғы кәсіптік деңгейде қарайтын, іздемпаз да шығармашыл, елімізде танымалы ғалым ұстаз. Оның мазмүнды да, тартымды дәрісін Алматыдағы көптеген оқу орындарының студенттері тыңдап келеді. Варшава университетінде (1998), Анкара қаласындағы ҚазМУ филиалында (1997) арнайы дәріс оқыды. Профессор Молдабеков Ж. кезінде түрлі қоғамдық жүмыстарға белсенді араласты. Жоғарғы аттестациялық комитетте эксперт кеңесінің ғылыми хатшысы, докторлық диссертациялық кеңестің төрағасы, оның ғылыми хатшысы қызметін атқарды. Екі диссертациялық кеңестің, ЖАК жанындағы Үйымдастыру орталығьгаың, газет-журналдар алқасының мүшесі. Профессор Ж. Молдабековтың басшылығымен 3 кандидаттық диссертация қорғалды. Төрт аспирантка, үш ізденушіге, бір докторлық жүмысқа ғылыми жетекшілік жүргізеді. Екі академияның Әлеуметтік ғьшымдар Академиясы мен Акмеологиялық ғылымдардың халықаралык Академиясының академигі болды. Негізгі шығармалары: «Қазақтану», «Шығыс философиясы».