Рахматуллин Қасым Халиуллаұлы

(19.09.1920-2007) - философия ғылымдарының докторы, профессор. Ұлы Отан соғысының ардагері, ҚР ғылымына еңбегі сіңген қайраткер. Диалектика мен жаратылыстануға қатысты философиялық мәселерді қарастырған ғалым. 1946-1950 оқытушыларды жетілдіру Институтының директоры. Профессор Р. еңбектері ғылыми қоғамдастықта елеусіз қалмады. Ғалым зерттеулері тек СССР көлемінде ғана емес, шет елдерде көптеген елдердің философтары мен астрономдары осы күнге дейін өз зерттеулері үшін нысан ретінде қолданып келе жатыр. Американдық аэрокосмостық НАСА агентігі ғалым еңбектерін астрономия және  космонавтика мәселелері бойынша библиографияға енгізді. Осы тақырып бойынша дәріс оқу үшін профессор Р. ұлы танымал гелиоцентрлік теория авторы Николай Коперник оқыған Турин университетіне шақырылды. Р. өз еңбектерінде астрономиялық танымдағы диалектикалық-материалистік методологияның рөлін айқындап, қазіргі заманғы строномиямен космонавтикада көрініс алған мәліметтерден философиялық қорытындылар жасайды. Атап айтқанда, сапалы қайталанбайтын процесс тұрғысындағы дамудың жаңа ұстанымын ұсынды. Философтың пікірінше, дүниеде дамудың басым бағыты жоқ, ал космостық материя дамуының соңы жоқ, ол мәңгілік және шексіз процесс. Дамуды осылай түсіндіру: бірнеше аспектіден (материалдық, құрылымдық, метрикалық, динамикалық, сонымен қатар гносеологиялық тұрғыдағы) тұратын әлемнің шексіздігі мәселесі; мазмұны тұтас әлем туралы білімнің жалпылығы және материалдылықтың субпринциптілігі, заңдылығы генетикалық және динамикалық негізінде жүзеге асатын дүниенің біртұтастығы принципі сынды   шешімнің жаңа методологиясын қажет етеді. Р. Білім интеграциясының жоғары формасы ретінде әлемнің ғылыми бейнесін көрсетеді де, оның эвристикалық қызметін, құрылымын және оның қалыптасуындағы философияның рөлін, мәнін ашады.

(1920–2008). Р. Қ. Х. 19 қыр- күйек 1920 ж. Қостанайда, теміржол саласындағы жұмысшы отбасында дүниеге келген. 1928 ж. бірден екінші сыныпқа түсті, ал 1932 ж. – Қостанай педагогикалық техникумына және 4 жылдан кейін (7 жылдың орнына) оқу үздігі ретінде бастауыш мектеп мұғалімі аттестатын алды. 1935 ж. Қ.Р. Қостанай облысы Жетіөзен ауданы жетіжылдық мектебінің директоры болды. А.С. Пушкин ат. Орал пединститутының география факультетінде өзінің білімін жалғастырды. Чкаловскідегі әскери училищені аяқтағаннан кейін, I-ші Украин майданының артиллерия полкының взвод командирі ретінде соғысқа аттанды. 1951 ж. Қ. Р. ҚазКСР ҒА философия секторының аспиранты атанды. «Кеңестік ғылым дамуы үшін сын мен өзіндік

 

417

 

сынның дамуы» (1955 ж.) тақырыбындағы кандидаттық диссертациясын табысты қорғағаннан кейін Құқық институтында, Алматы жоғары партия мектебінде оқытушылық қызмет атқарды. 1968 ж. Р. К.Х. «Астрономиядағы даму принципі» тақырыбында докторлық диссертация қорғады. 1969 ж. профессор атағын алады. 1971 ж. Күзінде Қазақстанның Орталық комитеті Қ.Х-ті С.М. Киров атындағы ҚазМУ философия кафедрасының меңгеру- шісі ретінде жолдайды, бұл жерде жиырма жылға жуық меңгерушілік етеді. Оның жетекшілігімен 50-ден аса шәкірттері кандидаттық және докторлық диссертация  қорғады.  ҚазСРО  Жоғары  Кеңесінің  Мақтау   қағазымен екі мәрте марапатталып, 1984 ж. «ҚазСРО ғылымының еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы беріледі.

Негізгі ғылыми еңбектері: Диалектический материализм и современная астрономия. – Алматы, 1965; Дүниенің қазіргі заманғы ғылыми картинасы. – Алматы, 1985; Принципы диалектики. – Алматы, 1994. Борьба мировоззрений в космологии 1962; В мире Эйнштейна., 1967; Жизнь во Вселенной., 1975; Человек и Космос., 1977; О логической структуре категории развития; Проблемы материалистической диалектики и современность. [В соавт.]., 1978; Философско-методологические проблемы науки., 1986; Научно-технический прогресс и повышение роли человеческого фактора. [В соавт.]. (На каз. яз.)., 1988; Принципы диалектики 1994.