Нысанбаев Әбдімәлік Нысанбайұлы

(01.05.1937 -21.02.2023 ж.) Қызылорда обл. Сырдария ауд. Қарауылтөбе а.) – филос. ғыл. докторы (1977), проф. (1980), ҚР ҰҒА-ның корреспондент-мүшесі (1989), ҚР ҰҒА – академигі (2003), Ресей әлеуметтік ғылымдар және Украина саяси ғылымдар акаде- мияларының акад., Ресей жаратылыстану ғылымдар академиясының шетел- дік мүшесі және Түркия Республикасы Ататүрік мәдениет орталығының құрметті мүшесі, Бішкектегі Ш. Айтматов атындағы қоғамдық академияның академигі. Қазақстанның ғылымы мен техникасына еңбегі сіңген қайраткер (1994), Қырғыз Республикасы ғылымына еңбегі сіңген қайраткер (1995). Философ, еліміздегі саяси-политологиялық зерттеулердің ұйымдастырушысы, философия ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының академигі, Қазақстан техникасымен ғылымына, Қырғыз Республикасының ғылымына еңбегі сіңген қайраткер 1996., Қытай Халық Республикасы ғылым және технология Хуажон Университетінің (Ухань, 2004-2006) шақырылған профессор. «Озат кісі» (Монғолия, 1997), Рухани келісім жәәне әлемдік президенттік силық иегері (1998), Түркі әлемінің халықаралық силығының иегері (2005), Әлеуметтік ғылымдардың Ресейлік академиясының (1996) және саяси ғылымдардың Украиндық академиясының академигі (1997), «Философ Нысанбаев» ғылыми танымал фильм түсірілді, Жаратылыстану ғылымдарының Ресейлік академиясының (1998) және Түрік Республикасының Ататүрік мәдени орталығының құрметті мүшесі (1997). Н. басшылығымен «Қазақстан» ұлттық энциклопедиясының концепциясы жасақталып, оның төрт томы және «Түркістан» халықаралық энциклопедия қазақ тілінде және өзге де энциклопедиялық басылымдар жарыққа шықты. Н. ғылыми ізденісі қазақ және түрік философиясының тарихы, диалектика, онтология, таным теориясы, техника және ғылым философиясы әлеуметтік және саяси философия, антропология философиясы, саяси ғылымдар методологиясы мен теориясы шеңберінде шоғырланған. Сонымен қатар, математикалық танымның диалектикалық-логикалық концепциясын құрастырып, республикадағы жаңа ғылыми бағыт: батыс және шығыс мәдениетінің өзара қарым-қатынастық контекстіндегі ғылым философиясы мен методологиясын қалыптастырған (ғылымның шығыстық методологиясы). Қызылорда педагогикалық институтының физика-математика факультетін үш жыл сталиндік стипендиат болып бітірген (1960). Қазақстан Ғылым Академиясы Химия ғылымдары институтында, Философия және құқық институтында аға лаборант, кіші, аға ғылыми қызметкер, ғылым филосо- фиясы және әдіснамасы бөлімінің меңгерушісі, Мәскеудегі КСРО Ғылым академиясының Философия институтында аспирантурада оқыды, 1964 жылдың 24 желтоқсанында проф. И.В. Кузнецовтың ғылыми басшылығы- мен «Ақиқаттың табиғатын ашудағы сәйкестік ұстынының маңызы» атты тақырыпта мерзімінен бұрын кандидаттық, ал 1975 ж. «Математикалық білімді синтездеу мен дамытудың диалектикалық-логикалық ұстындары» атты тақырыпта докторлық диссертация қорғады. ҚР Ғылым академиясы- ның Философия және құқық институтының директоры (1990–1991), Фило- софия институтының директоры (1991–1999), ҚР Білім және ғылым минис- трлігі Философия және саясаттану институтының директоры (1999–2011) болды. Қазақстан Республикасы Президенті және Министрлер кабинеті аппаратының сараптаушысы (1994–1996), Тәуелсіз елдің энциклопедиясын даярлау мақсатында Қазақ энциклопедиясының Бас редакторы қызметін қоса атқарды. Академик Ә. Нысанбаевтың ғылыми басшылығымен тәуел- сіз Қазақстанның ұлттық энциклопедияның түбірінен жаңа алғашқы төрт томы даярланды. Н. Ш.Уәлиханов атындағы бірінші сыйлықты (1974), Қазақ КСР-нің ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік (1984) және Түркия сыйлығын (1998), Қазақстан Республикасы Президентінің бейбітшілік және рухани келісім сыйлығын (1998), Моңғолияның «Дарын» компаниясының (1997) және Түркі әлемінің халықаралық сыйлықтарының лауреаты, «Дос- тық» және «Парасат» ордендерімен, көптеген медальдар мен құрметті профессор атақтарымен марапатталған. Қытайдың Хуажон ғылым және технология университетінің профессоры атағы берілді. 1991–2013 жж. аралығында 600-ден астам ғылыми еңбектер, олардың ішінде 37 ұжымдық және жеке монографиялар мен кітаптар, оқулықтар мен оқу құралдары бар. Көптеген еңбектері әлемнің 25 тілдерінде жарияланған. Философия мен саясаттану мамандықтары бойынша 67 ғылым докторлары, 99 ғылым кандидаттарын дайындады, Сөйтіп Ресейде, Қырғызстанда, Түркияда, Қазақстанда, Оңтүстік Кореяда, Иранда қызмет жасап тұрған халықаралық философиялық және саясаттанулық ғылыми мектеп қалыптасты. Н. Қазақстанның әлеуметтік ғылымдар академиясының президенті, ҚР БҒМ ҒК-нің Философия, саясаттану және дінтану институты директорының кеңесшісі. Ресейдегі «Социс», «Вопросы философии», «Философия образо- вания», Түркияда, Әзірбайжанда шығатын журналдардың халықаралық редакциялық кеңесінің мүшесі.
Негізгі шығармалары: 570-тен астам еңбектің авторы, 75- негізгі жұмысы әлемдегі 25-тілде аударылып жарияланған. Олардың қатарында: «Россия и Казахстан в XXI веке», «Опыт модернизационных реформ» (Новосибирск, 2005.), «Казахстан: культурное наследие и социальная трансформация» (Вашингтон, 2004., ағылшын тілінде), «Қазақ философиясы» (Тегеран, 2002, қазақ тілінде), «Философия казахских тюрков» (Анкара, 2002., түрік тілінде) т.б.Диалектико-логические принципы построения теории (қос авторлықпен), Человек и открытое общество, Казахстан. Демократия. Духовное обновление, Глобализация и проблемы межкультурного диалога 2 томдық, 15 лет независимости Казахстана: становление нового общественного сознания. Монографиялары: Казахстан - территория мира и согласия 2007. Шығ.: Диалектическая логика. В 4-х томах. – Алма-Ата, 1985–1987 (в соавторстве); Диалектика и современная математика. – Алма-Ата: Казахстан, 1982; Диалектико-логические принципы построения теории. – Алма-Ата, 1973; Адам және ашық қоғам. – Алматы, 1998; Казахстан. Демократия. Духовное обновление. – Алматы, 1999; Глобализация и проблемы межкультурного диалога. – Алматы, 2004; Философия взаимопонимания. – Алматы, 2001; Независимость. Демократия. Гуманизм. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2011.