Жанқұлов Тәуекел

Жанқұлов Тәуекел 1938 жылы 17ноябрь Жамбыл қаласында жұмысшы отбасында дүниеге келді. Білімі жоғары.
1947 жылы орта мектепке оқуға барып, оны 1957 жылы бітіріп, сол жылы Ташкент қаласындағы Теміржол институтына түсіп, оны 1962 жылы инженер мамандығын алып оралады.
1962-1965 ж.ж. Жамбыл қаласы, Жамбыл станциясында аталмыш салаға станцияның кезекшісі, бас инженер қызметтерін атқарды. 1963-1965 ж. Жамбыл облысы, Жамбыл КПК обкомы жанындағы марксизм-ленинизм университетін тамамдады.
1965-1975 жж. Қабілеттілігінің ыңғайына байланысты мамандығын өзгертуге тура келіп, Жамбыл су шаруашылық және құрылыс институтына ауысып (ДГМСИ), онда «Қоғамдық пәндер» кафедрасында философия пәнінен аға оқытушы қызметін атқарды.
1973 ж. Ташкент қаласында Өзбекстан Ғылым Академиясында философия проблемаларынан ғылыми кандидаттық диссертация қорғады.
1975-1996 ж.ж. Жамбыл педагогикалық институтында «Философия және саяси экономия» кафедрасының меңгерушісі, одан әрі қарай Жоғары оқу орны министрлігінің ережесі бойынша 1996ж. меңгерушілік қызметін тапсырып, 1996-2004 ж.ж М.Х.Дулати атындағы университетте кафедрада профессор қызметін атқарды.
2004-2010 ж.ж. М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-де «Философия және мәдениеттану» кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарып, 2010 ж. бастап осы уақытқа, дейін «философия және саясаттану» кафедрасында профессорлық қызметін жалғастыруда.
1983 ж. ВАК (Москва) шешімімен – доцент, 2003 ж. М.Х. Дулати атындағы ТарМУ-дың Ғылыми кеңесінің шешімімен Академиялық профессор атағы берілді.
1976, 1983 ж.ж. ЦККПСС Полибюро мүшесі, М.А.Суслов сөйлеген Бүкілодақтық (Москва) кафедра меңгерушілерінің Кеңесіне қатысты.
Кафедра меңгерушілік қызметінде 30 дан астам жас мамандарға қолдау көрсетіп үлкен қалалардың ғылым ошақтарында диссертациялар қорғатты.
Университет қабырғасында ғылыми педагогикалық қызмет атқару кезінде студенттерге, оқытушыларға дәріс және тәрбие жұмыстарын жүргізумен қатар Москва, Киев, Ташкент, Алматы қалаларында халықаралық, Республикалық жоғарғы оқу орындарында біліктілікті көтерумен қатар ғылыми практикалық, конференцияларда, симпозиумдарда баяндамалар жасалынды.
Жанқұлов Тәуекел облыс, университет көлемінде қоғамдық қала жұмыстарға қатысты, ал бүгінгі таңда Тараз қалалық ономастика комиссиясының мүшесі.
1993 ж. Жамбыл педагогикалық институтының ҚазССР Жоғарғы Советінің депутаттығына кандидат болып, ал 2003 ж. М.Х.Дулати ат. ТарМУ-дың атынан Жамбыл облыстық маслихаттың депутаттығына кандидат болып тіркелді.
2005-2011 ж.ж Президенттік сайлауларда Н.Назарбаевтың сенімді адамы болып тіркеліп, штабта сайлау компанияларына қатынасып, оның ішкі және сыртқы саясатын, Жолдауларын насихаттады.
Жанқұлов Т. Тараз қаласының жоғарғы оқу орындарында 52 жыл үздіксіз қызмет атқаруда.
Саясаттанушы профессор Жанқұлов Тәуекел Елбасының жүргізіп отырған ішкі және сыртқы саясатын, 2050 – Стратегиядағы 30 дамыған елдің қатарына ену, Мәңгілік Ел идеясын теледидардан, облыстық радиодан, бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ) беттерінен белсенді насихаттауда.
Елбасының дәстүрлі Жолдауларының мән маңызын халық арасында насихаттау үшін, облыстық деңгейде құрылған лекторлық топпенен райондарда, ауыл селоларда әңгіме сұхбат жүргізуде.
2014 ж қараша айында «Қазақстан – Тараз» телеарнасының директоры М.Төлепбергеннің жүргізуімен «Сыр перне» бағдарламасында жеке сұхбат әңгімесі берілді.
Т. Жанқұловтың 100-ден астам мақалалары, брошюралары кітап – оқулықтары Республикалық журналдар т.б. беттерінде жарық көрді.
Марапаттары:
1970 ж. Лениннің 100 жылдығына арналған медалімен;
1983 ж. ҚазССР «Оқу ісінің үздігі» медалімен ;
1992 ж. Білім беру министрлігінің «Білім беру ісінің үздігі» медалімен ;
2005 ж. Н. Назарбаевтың «Алғыс хаты» ;
2007 ж. ҚР «Оқу ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісі;
2008 ж. ҚР Білім және Ғылым министрлігінің «Алғыс хаты» ;
2011 ж. ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығы құрметіне «Этносаралық келісімді нығайтуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісі;
2015ж. Тараз қаласының ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ
2019ж. М.Х.Дулати ат. Тарму 60 жыл мерейтойлық медалі
Тараз қаласының құрметті азаматы және т.б республика, облыс университет тарапынан грамоталар, алғыстар бар.
Отбасында: зайыбы Зиба Абдуллақызы Құламанова - филология ғылымдарының кандидаты, профессор, облыстық, қалалық ономастика комиссиясының мүшесі; 5 ұл-қызы, 18 немересі, Томирис атты шөбере бар. Үлкен немересі Алуа Нью-Йоркте магистратура бітіріп, Лондон банкінде қызмет атқаруда.
Ғылыми еңбектер:
Т. Жаңақұловтың 100-ден астам ғылыми еңбектері бар, оның ішінде «Мәдениеттану» оқулық (160 б.), «Мәдениеттануға кіріспе» оқулық, «Философия» курсы пәнінен бағдарлама, Жеңістің 70 жылдығына орай «Бауыржан Момышұлы шығармаларының философиялық сарыны мен топонимикалық атаулар» атты кітап аяқталып баспаға жіберілді.
-Тарих - и Рашиди өлмес философиялық асыл мұра. // «Қазақстан және Орта Азия тарих қазіргі уақыт және болашағы дамуының көкжиектері», I том ҚР тәуелсіздігіне арналған М.Х.Дулати шығармаларының халықаралық оқулары, Тараз, 2001, -164-169 б.б.
-Құламанова З.А. Тарих толқынында кітабындағы ұлттық сана идеясының тарихи мәні,// «ҚР тәуелсіздігінің 10 жыл. арналған Н.Ә. Назарбаевтың «Тарих толқынында» атты кітабы» бойынша ғылыми-практикалық конференция, Тараз университеті, Тараз, 2001, - 14-16 б.б.
-Қазақстандағы рыноктық қатынастың философиялық мәні. // Халықаралық ғылыми-практикалық конференция, «Әуезов оқулары», 2001, -41-45 б.б.
-Джүншеев Р «Тарих толқынында» кітабының философиялық мәні. // «ҚР тәуелсіздігінің 10 жыл. арналған Н.Ә. Назарбаевтың «Тарих толқынында» атты кітабы» бойынша ғылыми-практикалық конференция, Тараз университеті, Тараз қаласы, 2001, - 52-56 б.б.
-Ізтілеуов А. «Тарих толқынында» кітабын оқып шыққаннан кейінгі кейбір ойлар // «ҚР тәуелсіздігінің 10 жыл. арналған Н.Ә. Назарбаевтың «Тарих толқынында» атты кітабы» бойынша ғылыми-практикалық конф.Тараз қаласы, 2001, - 62-66 б.б.
-Құламанова З. «Қазақ тіліндегі лжепатриотизм туралы. // «Современное образование в Казахстане состояния и пути реформы», Международная научно-методическая конференция. 2 часть, Тараз, 2001, -13-15б.б.
-Ж.Молдабеков «Тілтану және тілтабысу», журнал. Хабаршы - Вестник, ҚазҰУ, Алматы, 2002, № 5, - 133-137б.б.
-«Жалқаулық ұғымының тарихи еңсерілуі туралы» «Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат», № 6, Алматы, 2002, -3-8 б.б.
-Қазақ хан-билерінің дипломатиясының философиясы туралы, // «Тараз мыңжылдықтар және өркениеттер сұхбаты», Халық. ғылыми-теориялық конференция, жинақ, М.Х.Дулати атындағы ТарМУ, Тараз, 2002, -185-187б.б.
-«Қоғамдық-экономикалық формация ұғымының маркстік нұсқасының тағдыры туралы», журнал, «Поиск» № 4, Алматы, 2002 ж. 102-104 б.б.
-Тарих и Рашиди” және қазақ мемлекеттігінің қалыптасуы туралы, // «Тараз 2000. Көне және қазіргі Тараз», Тараз қаласының 2000ж. арналған Республикалық ғылыми-практикалық конференция. Жинақ, Тараз университеті, Тараз, 2002, -101-103б.б.
-Құламанова З.А. Қоғамдық сананың формаларына арналған методикалық нұсқау // «Қазіргі кезеңдегі білім қызметін тұтынушылардың талаптарына сай дайындық сапасын жетілдіру»,Тараз университеті, Тараз, 2003ж. 7-9 сәуір, -342-346 б.б.;
-М.Х.Дулатидың “Тарих и Рашиди“ кітабы және Қазақ хандығының қалыптасуының маңызы, Духовное наследие М.Х.Дулати и современность, Сборник, Тараз, 2003, стр.70-75.
-Қазақ хандықтарының дипломатиялық қарым-қатынастарының тарихы, Дулати оқулары, Тараз университеті, Тараз, 2004ж. 3-4 маусым, -56-61б.б.
-Абай философиялық идеяларындағы еңбектің, танымның, ғылымның орны,// «Түрік халықтары әдебиеті тарихының өзекті мәселелері: өткені, бүгіні және ертеңі», Халықаралық ғылыми-теориялық конфенция материалдары, Тараз, 2006, -289-292 б.б.
-Әл Фарабидің мемлекет басқару идеялары туралы, // « Орталық Азия аймағы: өткені мен бүгіні », Халықаралық ғылыми симпозиум материалдары, Алматы, 2006, -285-290 б.б.
Ғылыми – зерттеу жұмыстары бойынша:
2004-2005 жж. Мемлекеттік бюджет аясында « III.9. М.Х. Дулатидің философиялық творчествосы және оның дәуірінің рухына мәдениеті, қазақ философиясының тарихын зерттеу проблемалары».
2006-2008 жж. «III.6. Қоғамдық – әлеуметтік, экономикалық реформалау жағдайындағы мәдени және діни ұғымдардың өзара ықпалдасу диалектикасы» тақырыпта ғылыми жетекшілік еткен.
Ғылыми-көпшілік еңбектері:
-«Рухы асқақ ұстаз» акад. Н.Сарыбеков туралы, «Бәйтерек», жинақ, Тараз, 1998, -60-61б.б.
-«Ақылдың қайнар көзі»,//доц. Е.Қонақбаев туралы, жинақ, Тараз, 2005,-25-26 б.б.
- Терминдегі псевдопатриотизм туралы, // Ана тілі , № 42, 43, Алматы, 2007ж.