Есім Ғарифолла

ҚР ҰҒА-ның академигі, философия ғылымдарының докторы, профессор, ҚҒА корреспондент-мүшесі, Абайтанушы. Ғылыми өмір жолын ассистенттіктен бастаған ғалым арықарай аға оқытушы, Мәскеу педаглгикалық институтының стажоры, ҚазМУ аспиранты, доцент, декан, ҚҒА философия және құқық аға ғылыми қызметкері, Қазақстан ОК Компартиясының кеңесшісі, Абай атындағы МУ-тің профессоры, философия және ғылым методологиясы кафедрасының меңгерушісі, ҚазМҰУ-гі Философия және саясаттану факультетінің деканы және 2007 ж. бастап ҚР парламент сенатының депутаты, әлеуметтік-мәдени даму Комитетінің мүшесі, Қазақстандық саяси ғылымдар ассоциациясының вице-президенті. Ғалым Құрмет орденімен марапатталып, Қазақстан журналистер Одағы премиясының, Яссауи және Абай атындағы Республикалық қордың лауреаты атанған ғалым. Дәстүрлі жыраулық, ақындық өнер, лиро-эпос, батырлар жыры, күйшілік өнер, сөз өнері, тұрмыс-салт, тұрмыс-тіршіліктің ұлттық сипатынан туындайтын басқа да мәдениет салалары тек қана қазаққа қонған қасиетті, құнарлы, қолданбалы рухани мұрамыздың саңлақ түрлері ретінде ғалым шығармашылығынан терең көрініс табады. Көне түркі мәдениетінің ең бір асыл, мәңгілік сипатқа ие болған, көнермейтін, жоғалмайтын, ғасырлар қойнауынан бүгінгі күнге жеткен үлгілерін ғалым-жазушы нақты тарихи кезең шындығымен сабақтастыра отырып, оқырманына ұсынады. Ғарифолла Есім ұсынған «Қазақстандық өркениет» идеясы 2003 жылдың 30-31 қазанында «Жаһандану контекстіндегі Қазақстандық өркениет және мәдени айқындалу жолдарындағы ізденіс», 2004 жылдың 28-29 қазанында «Өркениеттік сананы қалыптастыру мәседесі», 2005 жылдың 27-28 қазанында «Қазақстандық өркениет: адамның әлеуметтенуі мен бейімделуі мәселелері» деген атпен өткізілген халықаралық ғылыми конференциялар, 2005 жылдың 10 қарашасында «Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу кезеңдері» атты республикалық ғылыми конференциялар арқылы жүзеге асты. Конференцияларда өркениет мәселесі - «алқалы жиындар» мен «дөңгелек столдарда» философия, мәдениеттану, психология, дін, саясаттану, әлеуметтану салалары бойынша жан-жақты талқыланып, Қазақстандық ойшылдар мен жас ғалымдардың ой пікірлері топтастырылып, теориялық және практикалық жағынан маңызды конференция материалдары ғылыми жинақ ретінде жарық көрді. Негізгі еңбектері: «Хакім Абай» 1994, «Сана болмысы» 1998-2002 жж., «Қазақ философиясының тарихы» 2006., «Фалсафа тарихы» 2004, Әлемдік философиялық мұра: 20 томдық 2005; «Санадағы таңбалар (философиялық проза)» 1994-2021 (19 кітап), Адам-зат : эсселер, новеллалар, зерттеулер, 2002, «Прошлое в настоящем (опыт философской прозы)», «Искандер» 2003, Абай туралы философиялық трактат : монография, 2004, Саяси философия : ойлар, тұжырымдар, 2006; «Қазақ ренессансы» 2006; «Қазақ саяси философиясы» 2006; Даналыққа құштарлық, 2007; Адам-зат : философиялық эсселер кітабы, 2008; Саяси философия: акме-қоғам мәселелері, 2009; Дін философиясы, 2018; Социализм - кінә және күнә туралы роман. Жақсы адам және тағдыр: новеллалар, 2011; Таным көкжиегі: жинақ, 2016, Тұлғалар - қаламгерлер: жинақ, 2013, Фалсафа тарихы: оқулық-хрестоматия, 2000; Фалсафа тарихы: оқулық-хрестоматия. - 2-басылым;. Хакім Абай: жинақ, 2012; Қазақ ренессансы: жинақ, 2006; Қазақ философиясының тарихы: оқулық, 2006; Санадағы таңбалар: жинақ, 1994; Хакім Абай: даналық дүниетанымы, 1994; Ғылым тарихы мен философиясы: оқулық , 2008; Қазақ философиясы мен өркениетінің мәселелері : Қазақстандық даму үлгісінің филос.-мәдениеттанымдық парадигмасы (Қазақ елі - Жерұйық), 2011; Қазақ ұлтынан қазақ еліне: мақалалар жинағы, 2010;