Әбділдин Жабайхан Мүбәрәкұлы

ҚР ҒА акдемигі, философ, Қазақстанға еңбегі сіңген ғылым қайраткері, Қазақ философиясы қоғамының президенті (1990ж), Диалектикалық логиканың Қазақстандық мектебінің негізін қалаушы. Ғалымның ғылыми еңбектері, диалектикалық логиканың өзекті мәселелерін зерттеуге арналған. Соның ішінде, әсіресе, нақты ұғым, бастау мәселелерін терең зерттей отырып, олардың философия тарихы тұрғысынан негізделген диалектикалық анықтамасын жасады, логикалық және гносеологиялық функцияларына сипаттама берді, қазіргі ғылым мен практикадағы логикалық-методологиялық рөлін айқындады. Оның басқаруымен диалектикалық логиканың категорияларын, заңдарын, принциптерін жан-жақты зерттеуге арналған ұжымдық монографиялар жарық көрді. Осы зерттеулердің нәтижесінде «Диалектикалық логика» деп аталатын 4 томдық іргелі еңбек дүниеге келді. Мұнда диалектиканың логикалық функциясы анық дәлелденіп, категорияларының ғылыми жүйесі жасалды, әрі олар қазіргі жаратылыстану ғылымдарының методологиялық мәселерімен ұштастырылды. Негізгі шығармалары: төрт томдық «Диалектикалық логика», «Проблема начала в теоретическом познании», «Диалектико-логические принципы построения теории», «Диалектика Канта».