Асқар Лесхан Әмірханұлы

Асқар Лесхан Әмірханұлы – 1983 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университетінің философия бөлімін бітірген, философия ғылымдарының кандидаты. Ол 1983–1987 жылдары Алматы Сәулет құрылыс институтында ұстаздық етті, ал 1987–1990 жылдары М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу Мемлекеттік университетінің аспирантурасында оқып, мерзімінде кандидаттық диссертациясын қорғады. 1992 жылдың қаңтарынан бастап әл-Фараби атындағы ҚазҰУ философия және саясаттану факультетінде доцент қызметін атқарып келеді. Оның ғылыми зерттеу аймағы: Логика, Түркі мәдениеті мен философиясы, Қазақ философиясы, Ғылым тарихы және философиясы, Сыни ойлау сияқты кең ауқымды салаларды қамтиды. Л.Ә. Асқар – 100-ден астам ғылыми мақалалар, оқу құралдары және монографиялардың авторы. 1992–1993 жылдары Түркия Республикасының Стамбул университетінде біліктілігін арттырып қайтқан. Ол студенттер мен магистранттарға қазақ философиясы, логика, ғылым тарихы мен философиясы пәндерінен дәріс беріп, өзін үлгілі ұстаз ретінде көрсетті, әрі оқыту үдерісінде тыңғылықтылығымен, білімімен және әділ бағалауымен ерекшеленеді. Ұжымда коммуникабельді, сыйлы адам ретінде танымал, қоғамдық жұмыстарға белсене араласады. Сонымен қатар, 1992 жылы құрылған студенттердің біліктілігін арттыратын «Кіші Фараби» академиясына бүгінгі күнге дейін жетекшілік етіп келеді.Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетi, философия кафедрасының доцентi. Философия ғылымдарының кандидаты.иКандидаттық диссертация тақырыбы: Ұлтаралық қатынастар саласындағы
идеологиялық үдерістерді реттеуді әлеуметтік-философиялық талдау.