Шығыс шайырлары
-
Бабыр, Захир ад-дин Мұхаммед Бабыр
(14.02.1483, Ферғана аңғары, Б
Ахси қ. – 26.12.1530, Үндістан, Ағра қ.) – Орта ғасырдағы түркі әдебиетінің көрнекті өкілі, Орта Азия, Ауғаныстан, Үнді елдерінде кең ой-өрісімен, ақылымен ерекше із қалдырған көрнекті мемлекет қайраткері, даңқты қол- басшы, лирик ақын, дарынды жазушы, ғұлама ғалым, атақты тарихшы. Бабыр түркі тілдерімен қатар араб, парсы тілдерін жетік меңгерген, Шығыс- тың классикалық поэзиясынан еркін сусындаған, тарих, философия, таби- ғаттану ғылымдары, сәулетшілік және соғыс өнері бойынша білім алған.
Захир ад-дин Мұхаммед Бабыр әйгілі шығыс шайырларының ішіндегі түркілік поэзияны ілгері дамытқан классик ақын ғана емес, «Бабырнама» сынды мемуарлық туындыны дүниеге әкелген шебер прозашы. Ғылымның сан саласын бойына дарытқан Бабыр – таңғажайып поэзиялық туынды- лары және «Бабырнамамен» қатар, «Муфассал» (аруз жөнінде), «Рисола-и харбия» (әскери іс жөнінде), «Рисола-и мусиқа» (музыка туралы),
«Мүбайын» (шариғатқа байланысты «Өсиетнама»), сынды трактаттарды және «Хатта Бабуриді» (Бабыр әліппесін) жазған жан-жақты ғұлама ғалым. Ескі парсы, түркі-шағатай, хинд, тәжік тілдерінде өте таза сөйлей білген Бабыр, аталған туындылармен қатар, парсы тілінде жазылған «Волидия» атты еңбекті түркі тіліне сапалы аудара отырып, аудармашылық қырынан да таныла білді. Бабыр жүйрік қаламгер ретінде ғана емес, Үндістанда үш ғасырға жуық билік құрған «Бабырлар империясының» (моғолдар) негізін қалаған мемлекет қайраткері, полемология саласын жетік білген ержүрек қолбасшы ретінде де әйгілі. Бабырдың лирикасы сол кезеңде кең тараған шығыс классикалық поэзиясының жанрларында – ғазал, рубаят, туйық, маснави т. б. өлеңдер түрінде жазылған. Ол өз жырларында шын мәніндегі махаббатты, табиғи сезімді, адам бойындағы асыл қасиеттерді жырлады. Туған жерден алысқа кетуге мәжбүр болып, елін, Отанын сағынып жазған өлеңдері, өмір мәні жайлы, халықты өнер-білімге шақырған еңбектері бар. Лирикалық шығармалары «Кабулдық диван» (1519), кейіннен «Үнді диваны» (1529–30) жинағына енген.
Бабыр шығармашылығының шыңы, оның атын тарих бетіне мәңгі өш- пестей етіп жазып қалдырған еңбегі – «Бабыр-нама». Кітап өмірбаяндық сипатта жазылған, ХV ғасырдың соңы мен ХVІ ғасырдың басындағы Орта Азия, Ауғаныстан, Үнді халықтарының тарихын бейнелейді. Кітап үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде ХV ғасырдың соңы мен ХVI ғасырдың бас кезіндегі Орта Азиядағы негізгі саяси оқиғалар баяндалады. «Кабул- уәлаяты» деп аталатын, қазіргі Ауғаныстан өңірінде орын алған тарихи оқиғалар екінші бөлімінде айтылса, үшінші бөлімде Солтүстік Индиядағы саяси оқиғалар, осы елдің географиясы, халқы, әдет-ғұрпы, салт-санасы сипатталады. Сол кезеңдегі түркі тектес ру-тайпалардың бәріне бірдей түсінікті шағатай тілінде жазылған. «Бабырнамадағы» басты кейіпкер – автор, яғни Бабырдың өзі. Ол өз образын өзінің қимыл-әрекеті үстінде ашып, бейнелеп отырады. Ол көбінесе өмірдегі сан-алуан жайттарды таза философиялық тұрғыда саралайды, сондықтан тарихи-философиялық шығарма деп айта аламыз. -
Бұқар жырау
(1693, бұрынғы Баянауыл, Далба тауы бойында – 1787, сол жерде) – әйгілі жырау, Абылай ханның ақылшы-биі, абыз. Жұрт оны
«Көмекей әулие» деп атаған. Сөйлегенде үнемі қара сөзбен емес, көмекейі бүлкілдеп, түйдек-түйдек жырмен сөйлейтін болған. Көбіне-көп Абылай хан өтінішімен, «сәуегейлік айтшы» деген тілегімен түсінде көрген істерін болжап айтады екен. Бұлары дәлме-дәл келіп отырған. Әкесі Қалқаман батыр болған. Бұхар жыраудың өзінен Ақербіс, Жарылғап, Жанта есімді үш ұл тараған. Жарылғап ұрпақтарынан Құреке ақын, ғалым Б. Аяпбергенов және т. б. белгілі адамдар шыққан. Бұхар жырау қазақ халқының Жоңғар бас- қыншылығы тұсында елдің болашағы қыл үстінде тұрған кезде өмір сүріп, сол алмағайып замандағы күрделі мәселелерге өз жырларымен жауап бере білді. Осындай ауыр сәттерде Абылай ханға дұрыс кеңес беріп, ел-жұртты басқыншы жауға қарсы күреске біріктіруге, бір тудың астына топтастыруға күш салды. Өзінің саяси-әлеуметтік мәнді жыр-толғауларымен сол жалынды күрестің жыршысына айналды. Осы мақсатта ол Абылай ханды бірден-бір қажетті басшы санап, оған халық бірлігін сақтап қалатын көсем тұрғысынан үлкен сенім артты. Абылай хан да сол биік талаптан табылып, елдің бірлігі мен жарқын болашағы үшін жан аямай қызмет етті. Жырау сол азаттық жолында өлімге бас байлап, ерліктің небір ғажайып үлгілерін көрсеткен хан мен оның батырларын жырға қосып, олардың өшпес ой бейнелерін жасады. Әсіресе, Абылай ханның көрегендігі мен даналығын, ауыр кезең, қиын сәттерде ел ұйытқысы бола білгенін асқақ жырлады: «Қайғысыз ұйқы ұйықтатқан, ханым-ай, Қайырусыз жылқы бақтырған, ханым-ай, Қалыңсыз қатын құштырған, ханым-ай. Үш жүзден үш кісіні құрбан қылсам, Сонда қалар ма екен қайран жаның-ай!». Осы бір шумақ жырда халық пен ханның байланыс-бірлігін қиыннан қиыстыра білген. Жыраудың «Абылай ханның қасында», «Ал, тілімді алмасаң», «Ай, Абылай, Абылай», «Қазақтың ханы Абылай», «Ханға жауап айтпасам», «Басыңа біткен күніңіз», «Ай, Абылай, сен он бір жасыңда», «Ал, айтамын, айтамын» атты толғауларында ханның сол кездегі ұстанған саясаты мен көрегендігі, алғырлығы мен білгірлігі сипатталады. Ал. «Садыр, қайда барасың?», «Бұқарекең біз келдік, Ақан, Төбет байларма»› деген жырларында ол ел болашағы, татулық мәселелерін сөз етеді. Бұхар жыраудың Абылай хан саясаты жөніндегі байламды пікір- лері де орнықты, әділ. Ол қасындағы Қытай мен Ресей туралы да ұстамды бағыт ұстанады. Соның арқасында ата жауы Жоңғарлардың іштей іріп, азып-тозуы үшін ұтымды саясат қолдана отырып тарих сахнасынан кетуіне қолайлы жағдай жасағанын мақтанышпен жырлайды.
Бұхар жырау толғауларында Ресей империясының отарлаушылық, бас- қыншылық саясаты, зұлымдық әрекеттері әшкереленеді. Мысалы, «Қилы заман» толғауындағы мына бір жайлар табандап жылжып келе жатқан қайшылығы мол заманды елестетеді: «Күнбатыстан бір дұшпан, Ақырында шығар сол тұстан. Өзі сары, көзі көк, Діндарының аты боп. Күншығысқа қарайды. Шашын алмай, тарайды, Құдайды білмес, діні жоқ, Жамандықта міні жоқ, Затсыз, тексіз бір көпір, Аузы-басы жүн кәпір, Жемқорларға жем беріп, Азды көпке теңгеріп, Ел қамын айтқан жақсыны. Сөйлетпей ұрар ұртына. Бауыздамай ішер қаныңды, Өлтірмей алар жаныңды, Қағазға жазар малыңды. Есен алар пұлыңмен, Солдат алар ұлыңнан. Күндердің күні, Абылай, Жаяулап келер жұртыңа, Жағалы шекпен кигізіп, Балды май жағар мұртыңа, Есе тимес өзіңе, Есіктегі құлыңнан.» Қазақ қоғамының сәнінен, мәнінен айрылатынын, дінінің, тілінің, жерінің тозатынын, қабілетсіздер сұңғылаларды илеп билейтінін, дәрменсіздік жалайтынын, марқасқалар төбесінде бұлт үйірілетінін баяндаған. Бұл «Қилы заман» толғауының қалай туындағанын Мәшһүр Жүсіп Көпеев былайша түсіндіреді. Абылай хан бір салтанатты күнде ат үстінде Бұқардан сұраған: «Асан қайғының қилы-қилы заман болар, қарағай басын шортан шалар дегені не тантық, суда жүрген шортан тауға біткен қарағайдың басына қайдан шығады. Миға қонбайт- ұғын сөз ғой» – депті. Сонда Бұқарекең қырын қарап тұрып, атының басын бұрып, қамшысын ерінің үстіне арта салып, көзіне жас алып; «Әй, хан! Бұл сөзді сен сұрамасаң керек еді, мен айтпасам керек!» деп, осы толғауды айтыпты.
Әдебиет: «Таң» журналы, 1925, №1–4, С. Негимов., М. Жармұхамедұлы.
XVIII–XIX ғ. қазақ ақындарының шығармалары. – А., 1962.
-
Ван Чун
(27- шамамен 100) – ертеқытайлық ойшыл, бірнеше философиялық трактаттардың авторы. Ол қарапайым кедей отбасында туылғанына қарамастан табиғи қабілеті мен ілімге деген ұмтылысы арқасында мықты білім алды. Кіші лауазымды шенеуліктерге қызмет етті. Барлық жұмыстарынан бізге тек біреуі - «Лунь Хень» «Толғанысты өлшеу» деп аударуға болатын кітабы жеткен, бұл кітап ХХ ғ. басында Англиядағы Форкеде түгелімен аударылған. В.Ч. ілімі конфуцийшылдыққа жақын, бірақ даосизм концепциясы мен «иньян» мектебінің біршама ықпалы да анық байқалады, сондықтанда оны «эклектиктерге» жатқызды. Жалпы В.Ч. конфуцийшылдық ілімге деген қатынасы скепсистікті қосады. Философтың тұжырымдауынша, барлық тіршілік етушілер алғашқы бастамалық эфир – «юань ци»-ден тұрады. Адам ерекше «жіңішке» эфирден пайда болған, ол өлген соң эфир, мұздың еріп суға айналғанындай балқып кетеді. Адамдағы «Ци», оның туа біткен адамдық тағдыры негізінде «жеке табиғатқа» айналады.
-
Вивекананда Свами
(негізгі есімі – Нарендрантах Датта) (1863-1902) – үнді ойшылы, діни реформатор, Үндістандағы ұлттық-еріктілік қозғалысының рухани жетекшісі, Шығыс пен Батысты біріктіру идеясын алға тартқан қоғам қайраткері. 1880-1884 ж батыс философиясымен танысады, Калькутт университетінде физиология және медицина курстарына қатысады. 1880 ж болашақ ұстазы Рамакришнанмен кездеседі. 4 жылдан кейін Рамакришнан ілімін толық қабылдап, оның басшылығымен шәкірттік жолына бет бұрады.1893 ж бастап Батыс пен Шығыстық сананы біріктіруді мақсатымен ведантаны насихаттап Жапонияға, Қытайға, Англияға, АҚШ-қа жол жүреді. 1897 ж «Рамакришна миссиясы» діни-реформаторлық қозғалысының негізін салды. В.С. философиясының қайнар көзі Веда іліміндегі Брахман (Абсолют) және Атманның («Мен») бірігуі. В.С. іліміндегі Құдай идеясы – Құдай шексіз принцип, Абсолютты және тұлғасыз деп негізделген веданттық идея. В.С. тұжырымдауынша, адамзаттың барлық ұлы ұстаздары Ғаламдық ритм бойынша Жерге түседі, олардың бардығы (Будда, Кришна, Христос) жәнеде олар Құдай сияқты тұлғасыз. Әрбір адам – Құдайдың жаратқаны, барлық адамдар Құдайлық принциптердің, Барлықкүштінің, Жарықтың жаратуымен тең болып саналады. В.С. Шанкараның абсолютті монизміне сүйенеді. Ол Рамакришнаның барлық діндеріндегі бірмәнділік ілімін ары қарай дамытады. Христиандықтың, буддизмнің, индуизмнің шіркеулік догматикасына сын тұрғысынан қарап Христос, Будда және басқа Пайғамбарлар ілімдерін тар шеңберде қарастырудан тазартқысы келеді. Реформатор ретінде рухани-діни тәжірибе арқылы адамдар санасына еніп, адамзатты және Үндістан халықтарын құлдықтан, қайыршылықтан, сауатсыздықтан құтқаруды мақсат етті. Үндістанды «руханилықтың Ганасы» деп есептеді. Әлеуметтік-утопистер, революционерлер идеяларымен таныс болды, П.Кропоткинмен кездескен. В.С. Үндістанда әйелдер теңдігі, магометанство мен индуизмді біріктірудің қажеттігін уағыздады, касталық теңсіздік, жесірлерді өртеу т.б. сияқты ертеден келе жатқан дәстүрлерге қарсы күресті. Қоғамдағы революция В.С. пікірінше шынайы діни өмірге бағытталған бұқара санасындағы революция. Өнер, ғылым және дін – Құдайдың адамды жаратуындағы ақиқатқа жетудің әртүрлі жолдары. В.С. адамдарға қызмет ету, әрекет ету философиясы, « батыл индуизмнің» негізін салушы. Ол діни «механика», Хатха-йогаға қызуғышылық, құмарлықтардан сақтану керек екендігін айтады. Әртүрлі тәжірибелер, жаттығулар – «діннің қалдықтары», ал ақиқатты дін – Құдайға деген кіршіксіз махаббат (бхатки), адамдарға жан аямай қызмет ету.
-
Ганди Мохандос Кармчанд
(1869-1948) - Үндістандағы ұлт-азаттық қозғалыс көшбасшыларының бірі, гандизм идеологиясымен тактикасының негізін қалаушы. Г. Объективті идеалист. Оның жүйелік принципі Құдайды дәріптеу және ақиқат. Ақиқатқа жету моралдық тұрғыда өзінөзі жетілдірумен байланысты. Г. этикалық көзқарастары «ахимс», «махаббат заңы» және «азап заңы» джайнистік принципіне негізделген, сонымен бірге, брахмачарии принципі, апариграхи және т.б. Гандизмнің басты ерекшелігі: қоғамдықсаяси мәселерді шешуге деген моралдық ыңғай таныту, саяси әрекеттің «морализациясы». Г. қоғамдық саяси көзқарасы ең бірінші оның сатьяграхи (ақиқаттағы қажырлық) концепцияларында жарияланған. Сатьяграхидың негізгі формалары ынтымақтаспау және азаматтық кінәсіздік. Басымдық танытушы класстар экспроприациясына қарсы шығып, қоғамдағы түбірлі революциялық қайта қалыптасу мүмкіндігін кері итере отырып, Г. қоғамдық прогресс адамдар қажеттілігінің өсімінде емес, олардың өз ерікті шектелуінде деп жариялады. Г. үнді мұсылмандық біртұтастықты қолдап, құлдардың қоғамнан шектелуі, әйелдердің теңсіздігі, халықтық білімнің ұлттық жүйесі және т.б. үшін күресті. Осы еңбегі үшін «Махатма», яғни кең жүрек титулына ие болды. Гандизм Үнді ұлттық конгресі партиясының ресми идеологиясы ретінде жарияланды.
-
Гаутама Сидхартха
(шамамен б.э.д. 567) буддизмнің негізін қалаған. Ханзада бала кезінде ешқандай қиыншылық көрмей өскен, ал әкесінің ойында баласының сыртқы өмірдің қаталдығын, өмірдің шынайы бейнесін көріп қояма деген үрей болды. Сөйтіп жүргенде ханзада ержетіп, әкесі оны сол патшалықтың Яшодхара деген сұлу қызына үйлендіреді. Сонымен жас ханзада өз патшылығынан шықпай, оның сыртындағы өмір шындығынан хабарсыз өмір кешеді. Г. жер бетіндегі адамдардың барлығы өзі сияқты бақытты ешқандай жамандық, зұлымдық көрмей, қайғыру, ауру, өлім дегенді білмейтін шығар деп ойлайды. Бір күні Г. сарайдан жалығып, сыртқы өмірді көргісі келеді. Ол өзінің қызметшісіне әкесінің үйінен сыртқы шығарып салуды өтінеді. Нәтижесінде ханзада өзін қоршаған өмірдің шынайы болмысын көріп, көңілі жабырқап, өзінің өмір туралы көзқарасын мүлдем өзгертеді. Ең бірінші ол қатты бүкірейген кәрі шалды кездестіреді. Сол сәтте болашақ Будда жастықтан, күштіліктен, өмірге деген сүйіспеншіліктен не пайда егер өміріңнің соңы осылай аяқталатын болса деген ойға келеді. Келесі бір аңызға сүйенсек, ханзада ауру адамға кездеседі, бұдан құтылудың амалы жоқ екендігіне көзі жетеді. Үшінші рет Сидхартха жерлеу рәсімін көзімен көреді. Ескі дәстүр бойынша қайтыс болған адамның сүйегін қол арбаға салып алып, өртеуге әкетіп бара жатады. Бұл оқиға қарапайым индустар үшін үйреншікті болғанымен ханзадаға қатты әсер етеді. Осыдан барып, Г. адамдардың өз өмірін бағындырып, бағыттай алмайтындығына және өз тағдырларына ықпал жасай алмайтындықтарына көзі жетеді. Осылардың барлығы Г. ойландырып, тіпті кейбір сауалдарға жауап таба алмай қиналған сәттері де болады. Нәтижесінде ол мынадай қорытындыға келеді: әрине ешкімнің қартайғысы келмейді, бірақ қолдан келетін шара жоқ; ешкімнің ауырғысы келмейді, бірақ адамдар аурудан толық айығып кетуга қабілетсіз; ал өлімнен қашып құтылудың жолы жоқ, олай болса өмірдің мәні жоқ. Бәріненде бұрын Г. таңқалдырғаны адамдардың осының барлығына мойынсынғандығы болды. Осының барлығына жауап таба алмай, іздену үстінде жүрген Г. бір күні көшеде қайыр сұрап жүрген кәрі садха кездеседі. Үндістердің салты бойынша садха дегеніміз – ізгілікпен материалдық құнылықтардан көңілі қалған адам. Қасиетті скитальцтердің пайымдауынша қарапайым өмір өте құбылмалы және қайғы-қасіретке толы, сондықтан одан пана табу қиын. Бұл адамды кездестірген Г. соның өмірімен өмір сүру үшін барлығынан: отбасынан бас тарту, өмірдің ләззатына ұмтылмау, мансапқа ұмтылау т.б. бас тарту керек екендігін түсінеді. Осы сәттен бастап Г. туған үйіннен мәңгілікке кетуге ұйғарады. Сөйтіп Г. жақсы, әдемі киімдерін тастап, шашын, сақалын кестіріп, дүниені шарлауға бел буады. Буддалық текстерде аталмыш оқиға турасында «Сиддхартқаның алдыға дамуы» деп айтылады. Осы жыл уақыт ішінде Г. өзінің санасын айтарлықтай жоғары деңгейге көтере алды. Нәтижесінде оның түсінгені, қайғыруды, өмірдің ләззатынан бас тартқаныңмен бұндай тәжірибе арқылы мақсатқа жете алмайтындығы.
-
Гүлен Фетхуллаһ
(1941) - түрік ғалымы, рухани көшбасшы, ойшыл, әлеуметтік реформатор, тек мұсылман әлемінде ғана емес, әлемдік қауымдастықта беделі жоғары тұлға, жастарға жанашыр, ұстаз бола білген белсенді қоғам қайраткері, ислам ғалымы. «Атақ-даңқ у жағылған тәттіге ұқсайды, оған құмарту жүректің рухани күш-қайратын жояды» деген ережеге бағынушы және конфессияаралық сабақтастықтың берік ұстанушысы. Сабақтастық идеясы - Г. философиясының кілті. Г. пікірінше: «сабақтастық - артық күш емес, ол абсолютті қажеттілік... сабақтастық - мұсылманның міндетінің бірі, оны орындау барысында біздің әлем қауіпсіз және барынша бейбіт мекенге айналады. Оның мақсаты - Исламдық рухани құндылықтар арқылы адамзатты қайта жандандыру, қайта өрлету. Оның ұраны - мәдениет және өркениет, конфессия сабақтастығы. Г. исламдық және либералдық құндылықтардың өзара қарым-қатынасы мәселесі қатты толғандырды. Исламның рухани адамгершілік заңдылықтары қандай мөлшерде дүнийенің дамократиялық құрылымына сай келеді? Исламда демократиялық әлеуметтік жоспарды ұстанатын императивтер бар ма? – дей отырып, ғалым: Ислам өзінің дүниетанымдық астарында басымдылық танытады дейді. Г.Ф. шығармалары - әлемдік мәдениет тарихының ерекше парағы. Оның шығармалары жалықтаратын ғылыми түрдегі ғылыми трактаттарға, табуы қат, тілге қиын терминологиялармен құрсауланған философиялық фолианттарға ұқсамайды. Ол әр қайсымызға тән ең басты, әрі құнды өмір, өлім, жан, қайрымдылық, махаббат туралы сыр шертеді. Негізгі шығармалары: «Иман аясында», «Ақырет ақиқатына сенім» 2004, «Ғаламның рахым нұры Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с.)» 2004, «Жизнь и исламская вера» 2007, «Ғұмырлық өлшемдер» 2008, «Ғасыр тудырған күмәндәр 1-2», «Фетхуллах Гюлен: очерки-перспективы-мнения», Г. Елуден астам кітаптың авторы, ал мақалалары дүниежүзіне белгілі, беделді басылым беттерінде жиі жарық көріп тұрады.
-
Гхош Ауробиндо
(1872-1950) – үнді философы, идеалист, «интегральді ведантаның» негізін салушы. XXғ басында «экстремистер» деп аталатын үнділердің ұлттық-ерікті қозғалысының радикалды бағытының көсемі. 1922 ж «Ашрам» деп аталған діни қауымдастықтың құрушысы. Басты философиялық шығармаларында ведантаның түрлі бағыттарының (адвайта, вишишта) элементтері Батыстық идеалистік философия (Гегель, Ф.Бэрди) идеяларымен ұқсас болып келеді. Г. пікірінше, адамзат тарихының бастауы «санасыздықтан» саналылыққа одан «жоғары санаға» өту арқылы жүзеге асады, дәл осы мистикалық «санадан жоғарылылыққа» қол жеткізу тарих жұмбақтарын шешу мен адамзат арманын жүзеге асырудан тұрады. Капитализм және социализмнен басқа қоғамдық дамудың «үшінші жолының» ашылуына үміттенген Г. идеолог буржуазист ретінде танылды. Оның философиялық ілімдерінде 1914-20 жж өзіндік даму барысындағы ұлттың құқығын қорғау, империалистік саясаттың кешегі феодалдық өмірі сынды идеялар маңыздылығын танытса, кейінгі жылдары оның іліміндегі дін пропагандасы мен социализмді сынаған ракциондық тұстары алға шықты. Негізгі еңбектері: «Цикл человеческой истории», «Идеал человеческого единства».
-
Дай Чжень
(1723-77) – қытайдың материалист-философы. Неоконфуцийлік натурфилософияның негізгі екі ұғымы - идеалдық «ли» мен материалдық «ци» ұғымдарының өзара қатынасы туралы сұраққа жауап бере келіп, Д.Ч. ци бірінші, ал ли екінші деп мәлімдеді. Дүние тұрақты даму мен қалыптасу процесінде болып табылады. Ол қозғалысты қарама-қарсы күштердің, оңды ян және теріс инь күштерінің өзара істестігі деп түсіндірді. Олардың әрекеті жойылмайтын мәңгілік және табиғаттан бөлінбейді. Барлық құбылыстар мен заттар табиғи қажеттілікке бағындырылған. Түйсікті танымның негізі ретінде мойындай келіп, Д.Ч. «туа бітетін» білім болатынын теріске шығарды және жалпы қорытындыларды тәжірибе арқылы тексеру қажет екенін айтты. Өзінің қоғамдық саяси-көзқарастарында халықты азат етуоқу-ағартуды дамыту мен жеке адамның адамгершілік жағынан өзін-өзі жетілдіруіне байланысты деген тұжырым жасады.
-
Доспамбет жырау
Досмәмбет (1940 ж. Азов қаласы, – 1523 ж., Астрахань маңы) – көне қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің бірі, жорық жыршысы. Қазақ халқының қалыптасу кезеңінде өмір сүрген жырау. Руы кіші ноғайлы. Өз заманындағы жорықтарға, Қырым, Ноғайлы, Қазан хан- дықтары арасындағы ұрыстарға қатысқан. 1523 жылы Астрахань жорығы кезінде Д. ж. бастаған шолғыншылар тосқауылға ұшырайды да, жырау ауыр жараланып, қайтыс болады. Д. ж. мұрасының дені жоғалған. Ел ауызында, жекелеген қолжазбаларда сақталған бірлі-жарым туындылары 19 ғасырдың бас кезінде әртүрлі жинақтарға енді. Совет үкіметі тұсында «Алдаспан» антологиясында (1971) оның табылған шығармалары толық жарияланды («Қалаға қабылан жаулар тигей ме», «Қоғам көлдер, құм, сулар Қоныстар қоған өкінбес...», «Айнала бұлақ басы тең...» т. б.). Д. жырларынан оның ой-өрісі, мұрат-мақсаты, рухани өмірі, моральдік қағидалары, дүниегекөзқарасы аңғарылады. Жауынгер жырау туындыларының рухы ескілігіне, көркемдеу әдістерінің көнелігіне қарамастан көңілге әсер етелік терең, тілге орамды келеді.
Әдебиет: Қазақ энциклопедиясы. – Алматы, 1996. -
Дулати Хұсайынұлы Мұхаммед Хайдар
(1499–1551) – әйгілі тарих- шы, әдебиетші, Моғолстан мен оған іргелес елдердің тарихы жөнінде аса құнды деректер беретін «Тарихи Рашиди» кітабы мен «Жаһаннама» даста- нының авторы, Жетісу жеріндегі ежелгі Дулат тайпасы әмірлерінің ұрпағы. Д.-дың ата-бабалары кезінде Моғолстан мемлекетінің құра-мына енген қазіргі Оңтүстік-Шығыс Қазақстан, Қырғызстан және Шығыс Түркістан жерлерінде ұлысбегі, тархан қызметтерін атқарған, өздерінің мұрагерлік иеліктері – Маңлай-Сүбені дербес басқарған. Өз әкесі Мұхаммед Хұсайын
Моғолстанның Жүніс ханының күйеу баласы, Ташкентті билеген. Оны кейін Әмір Темірдің немересі Мұхаммед Шайбани хан өлтірген. Анасы Хуб-Нигар ханым – Жүніс ханның қызы. Бұл ретте Мұхаммед Хайдар Моғолстанның Сұлтан Саид ханмен және Үндістандағы баласы Ұлы Моғол- дар әулетінің негізін қалаушы Захираддин Мұхаммед Бабырмен бөле. Әке- сі өлгеннен кейін Д. біраз уақыт осы Бабырдың қолында тұрады. Содан кейін Бабырдың рұқсатымен Сұлтан Саид ханға келіп, оның Қашқардағы сарайында тұрып, сарай қызметін басқарады. Саид ханның Әбубәкірге қарсы соғыстарына қатысады. Жан-жақты білімді, сарай қызметін жетік біле-тін адам ретінде ханның мұрагер баласы Әбу ар-Рашид сұлтанның тәрбиешісі болады. Сұлтан Саид өлгеннен кейін таққа отырған Рашид Дулат тайпасының басшыларынан қауіптеніп, оларды қуғындай бастайды. Мұхаммед Хайдар- дың немере ағасы – Саид Мұхаммедті өлтіреді. Осыдан кейін өз басына қауіп бұлты үйіріліп келе жатқанын сезген Мұхаммед Хайдар Үндістанға қашады. Ол мұнда ұлы Моғолдар сарайында әскербасы болып, Кашмирді жаулап алу соғысына қатысады. Жаулап алғаннан кейін Ұлы Моғолдар атынан біраз уақыт Кашмирді билеп тұрады. Ол осында өзінің атақты еңбегі «Тарихи Рашидиді» жазуға кіріседі. Ол сол кездегі саяси оқиғалар мен оған қатысқан қайраткерлерді, сондай-ақ Моғолстан мемлекетінің, Қазақ хандығының өткен тарихын жақсы білген. Оның тікелей өзі куә болған жайлары да көп еді. Содан да болар ол орта ғасырдағы қазақтарға, әсіресе дулат тайпасының тарихына қатысты өте құнды материалдар береді. Қазақ хандығының құрылуы мен қалыптасуы, одан кейінгі кезеңдері, олардың қырғыздармен, өзбектермен қарым қатынасы жайында кеңінен сөз болады. -
Жамбыл Жабаев
(1846-1945) – қазақтың ұлы ақыны, халық поэзиясының феномені, өмірімен және шығармашылығымен екі ғасырды молынан тұтастырған ұлы жырау. Жамбылдың үлгі-өнеге алған мектебі - Сүйінбай, Қабан, Шөже, Майкөт, Жанақ, Түбек, Майлықожа, Құлыншақ, Қуандық тәрізді іргелі ақындар, Кебекбай, Ноғайбай, Сапақ, Белтіріктердей от ауызды, айыр көмей шешендер, Қанадан, Байсеркедей өнері асқан күйшілер. Бұған Жамбылдың ақындығын өзімен сайыса жүріп шыңдаған Құлмамбет, Сарбас, Шашубай, Айкүмістей өрелі ақындарды, үзеңгілес Әсет, Тілеміс, Жүсіпбек қожа, Әлмен, Ләтипа, Балқыбек, Өзбек, Қарабек ақындарды, Жолдыбай, Жантай күйшілерді, Қосай шешенді, шәкірттері Мақыш, Шүкітай, Әпежек, Бармақ, Кенен, Өтеп, Саяділ, Жартыбай ақын сынды дәстүрлі әуеннің майталмандарын атап өтуімізге болады. Жетісуды, Қаратау, Сыр өңірін өнеріне тәнті еткен, қырғыздың шалқар "Манасын", Шығыстың әйгілі қиссаларын жырлаған. Әйгілі Құлмамбет, Сарбас, Нұрмағанбет, т.б. ақындармен айтысы, Өтеген, Сұраншы батырлар туралы ұзақ дастандары – даңқты шайырдың төңкеріске дейінгі шығармашылығынан сақталған қомақты мұрасы. Жыраулық дәстүрдің соңғы тұяғы, қазақы сөз арнау өнеріндегі шоқтығы биік тұлға. Айтушылық қабілетін жыр жолдары арқылы дәлелдеп өткен Жамбыл қасиетті толғаулары, жырлары, дастандары тыңдаушысын селт еткізіп, сөз құдіретін ел санасына құйып кеткен бірден-бір жыраулық мектептің заңды жалғасы. Ол терең ойға барған арқалы жырау. Адамның ішкі дүниесін сараптауда жыраулық дәстүрдің озық үлгісін көрсете білген, соны өз толғауларында қолданып отырған жырау. Жамбыл - өз мұрасын ауызша қалдырған. Оның барлық шығармалары мейлі жас кезіндегі, мейлі қартайған шағындағы туындылары болсын ауызша дүниеге келген. Оның нағыз жыраулық мектепке тән мұралары Кеңес дәуіріне дейінгі кезең. Ж. нағыз жырауға ғана тән белгілері суырып салмалық, ойшылдық, заманға баға берушілік, турашылдық. Шығармалары: Атаның әлдиі, Балаларға, Балама хат, Бесік жыры, Жастық жыры, Жаңа жыл, Жаңа жыл сәлемі, Жеңіс жырын сайраңдар, Жүз жасаған жүректен, Ленин, Ленинградтық өренім, Шәкірт балаларға, Октябрь толғауы, Сәлем саған комсомол, Сыйлық, Туысқан ел, Чапай, Халық туысқандығы, Өнердің өсуі есік жыры. Кедей күйі, Пұшықтың ұрыға айтқаны, Әділдік керек халыққа, Кәрібайдың төбеті, Жылқышы, Мәңке болыс.
-
Жүсіп Баласағұн
(XI ғ) – Баласағұн қаласынан шыққан түрік, «Құтадғу білік» («Құтты білім») деп аталатын атақты шығарманың авторы, діни ғұлама. Баласағұн қаласы Қыпшақ мемлекеттік бірлестігіндегі сауда-саттығы, сыртқы қарым-қатынастары дамыған, рухани мәдениеті өркендеген қалалардың бірі болған. Б. Араб тілі мен әдебиетін, тарихы мен философиясын жақсы меңгерген, араб жұртына «Ат-түрік» атпен белгілі болған. Өлең түрінде жазылған бұл шығарма 6520 бәйіттен тұрады. Оның негізгі тақырыбы моральдық-этикалық мәселе. Б. Әл-Фарабидің ізгі қала-мемлекет туралы идеяларын қолдай отырып, мемлекеттің формасы билеушінің адамгершілік тазалығы мен асқақтығына, билеуші мен бағыныштылар арасындағы ізгілікті қарым-қатынастарға байланысты деп есептеді. Өз еңбегінде философ саяси дағдарыстар тұсындағы Қарахандар мемлекеті үшін қажетті билеушінің идеалды портретін беруге тырысты. Түрік тілінде жазылған "Құтты білік" еңбегі сол заман энциклопедиясы болып табылады. Ғалымның аталмыш еңбегі этика, саясат мәселелеріне арналып қана қоймай, философиялық эстетикалық, ертедегі түріктердің діни наным-сенімдеріне байланысты материалдарға толы.
-
Ибн Араби
(1165-1240) – атақты мұсылман философы, мистик, суфизмнің негізін қалаушылардың бірі, «болмыстың біртұтастығы және біртұтастық» ілімін негізін салушы. Ол өзін фикха саласындағы Ибн Хазма ілімін жалғастырушы ретінде танытқан. 30 жасында өз қабілетінің, әсіресе философиялық және эзотерикалық идеяларының арқасында Солтүстік Африкадағы сопылық қауымына танымал болды. И.А. ойына жүгінсек, «Адамда әлемдегі барлық мәнділік потенциалды түрде жинақталады», одан ғарыштың бүкіл алуан түрлілігі туындайды. Адам-логос – бұл әлемнің алуан түрлілігі өріс алатын монада. Екінші тұғыр – ғарыш. Ғарыштың өзі жетілген адамның бір келбеті ретінде қарастырылады. Адамның өзі – әлемдегі барлық нәрселер ішіндегі ең жетілгені. И.А. діни төзімділікті уағыздайды. Ол діннің адамдарға үстемдік ету мақсатында қолданылуына қарсы шығып, бүкіл діндер мен наным-сенімдер теңдігін жариялады. И.А. плюрализмі барлық діндердің тең құқылығын, әрбір адамның жеке сеніміне құқықтылығын мойындауға мүмкіндік береді. И.А. тұжырымдауынша құдайға барудың жолы әр түрлі, бірақ оның бәрі ақыр соңында Тұтастықты мойындауға әкеледі. Әралуандылық пен айырмашылықты көре білу және осы айырмашылықтан Тұтастықты аңғарып, оған құштар болу – әдепке тән қасиет. Егер құдайға деген сүйіспеншілік жетілген нағыз, шынайы болса, онда бұл құштарлықтың нәтижесінде Құдаймен бірігуге адамның қолы жетеді. И.А. пікірінше, сүйіспеншілік ғашықтық себебі және қозғаушы күш, онсыз ешнәрседе өмір сүрмес еді. И.А. білімін жетілдіру үшін 1201 саяхатқа шығуға бел буады, бірақ одан бұрын Ислам елдерінің қасиетті қалалары Мекке мен Мединеге қажылыққа барады. Философ Меккеде атағы шыққан поэтикалық жинақ «Тарджуман аль-Ашвакты» (Құштарлықтарды талқылау) жазады. Ол сопылыққа қатысты бірнеше трактаттарды дүниеге алып келді. Меккеде өзінің кейінірек «Меккандық ашылу» деп аталған көптомдық трактатын жазуды бастайды да Дамаскіде аталмыш шығармасын жазуды аяқтайды. Осы жылдары атақты шығармасы «Гемма мудрости» (Фусус аль-хакимді) жазады. И.А. «Меккандық ашылу» еңбегінде философ пен сопының ақиқатқа бағытталған бірлескен үйлесімділігі жайында ой қозғайды. Ашылу немесе айығу сәтіндегі сопыға жүрегі арқылы берілетін болмыс құпиясының жоғарғы білімі ақыл-ой жолымен алынатын интеллектуалдық білімнен (ильм) өзгеше. Әрбір аспан сферасы осы үйлесімділіктің қандай да бір кезеңін бейнелейді. Екі пункткеде білім тиесілі. Философ оған тікелей аспан сфералары арқылы қол жеткізсе, мистик аталмыш сфераларды рухтар, яғни оған ақиқатты жеткізіп отыратын елестер арқылы таниды. Негізгі шығармалары: «Тарджуман аль-Ашвак» (Құштарлықтарды талқылау), «Меккандық ашылу», «Гемма мудрости» (Фусус аль-хаким).
-
ибн Мискавейх Әбу Әли Ахмед ибн Мұхаммед
араб тілінде жазған тарихшы, философ, ғалым, Иранда туған. «Китаб тәджариб әл-умам» (Халықтар тжірибесі жөніндегі кітаптар) атты 6 томдық тарихи шығарма жазған. Аса құнды осы тарихи шығармада атақты парсы билеушілері – Аббас әулетінің ішкі-сыртқы саясаты, әкімшілік жүйесі, экономикасы туралы баяндалады. Сондай-ақ Шығыс Еуропа мен Орталық Азия халықтары, оның ішіндн түркі тайпалары жөнінде деректер келтіріледі. Бұл мағлұматтар аталған елдердің ортағасырлық тарихын жазуда кеңінен пайдаланылды. Шығарманы ағылшын шығыстанушысы Л.Каэтани 1909-19 ж жарыққа шығарды.
-
Ибн Рушд Әбу-л-Уәлид Мұхамед
(1126-1198) - латындық тілдегі Аверроэс, ортағасырлық араб философы, ғалым. Кордово халифаты тұсында Испанияда тұрған. Мұсылмандық діннен ажырамаған И.Р. екіұдайлы ақиқат туралы ілімнің негізін қалады. Ол мұсылмандық теолог Әл-Газалидің қатаң сынына ұшырады. И.Р. Аристотель шығармаларына жазған комментариялары еуропалық философтардың антикалық философиямен танысуында үлкен рөл атқарды. Аверроэс немесе аверроизм ілімі мұсылмандық және христиандық ортодокциялар тарапынан қатаң қадағаланды. Ә.-л-У.М.ибн Р. Материя мен қозғалыстың мәңгіліктігін және олардың жаратылмағандығын (құдаймен «мәңгі бірлігін») дәлелдеді, жеке адам жанының өлмейтіндігі мен о дүниелік өмірді жоққа шығарды. Негізгі шығармалары: «Терістеуді терістеу», «Философия мен дін ара байланысына қатысты шешімді ұстанған пікір».
-
Ибн Сина Әбу Әли Хусейн Ибн Абдаллах
(980-1037) – латындық тілдегі Авициена, ортағасырлық тәжік философы, дәрігер және ғалым. Бұқара мен Иранда өмір сүрген. Исламдықты жадына қатаң ұстаған И.С. көзқарасы араб елдері арасында кең жайылып үлкен рөлге ие болды және осы арқылы антикалық әлемнің философиялық және ғылыми мұрасы ретінде еуропа елдеріне тарады. И.С. философиясы метафизика, гносеология және логика салалары бойынша «Шығыс Аристотелизмі» дәстүрін, бір жағынан неоплатондық концепциясын дамытады. Оның пікірінше, тек Құдай ғана абсолюттік тіршілікке ие, қалғандарының бәрі де өздігінше тек мүмкін нәрселер ғана, олардың болмысқа енуі тек құдайдың құдіретімен болатын құбылыс. Ол рационалды ойлауды тұжырымдау, жаратылыстану және математикалық ілімдерді насихаттау үшін көп еңбек сіңірді. Өзінің философиялық ілімінде ол Аристотельдің материалистік және идеалистік тенденциясын сақтады. Ол бірегей заттар көптүрлілігінің себебі ретінде материяның мәңгілігін мойындады және астрологиялық немесе басқада наным-сенімдерге қарсы болды. Ә.-л-У.М.ибн Р. Қос ақиқаттылық ілімінің негізін қалады. Негізгі шығармалары: «Данеш-намэ» «Ілім кітабы» - И.С. логикалық және физикалық көзқарастарының қысқаша мазмұнына ие. «Сауығу кітабы», «Дәрігерлік канон», «Өсиеттер мен кеңестер кітабы» және т.б.
-
Ибн-Баджа
(1070-1139) – араб ғалымы, философ (аристотелизм өкілі), мемлекет қайраткері, ақын, музыкант, дәрігер, мұсылмандық Испаниядағы шығыс перипатетизмінің көшбасшысы. Аристотель еңбектеріне түсіндірме жазумен қатар, философиядан да бірқатар терең мазмұнды шығармаларды дүниеге алып келді. Соның ішіндегі аса маңыздыларының бірі «Қоштасу жолдауы». Аталмыш кітапта бастапқы қозғалыс, адамның мақсаты және оның «әрекетшіл ақыл-оймен» сондай-ақ «Бірігушінің өмірлік ұстанымы» мен бірігуі туралы сауалдарды қарастырады. И.Б. осы еңбегінің атауы оның философиялық ілімін айқындап береді. Адамның «әрекетшіл ақыл-оймен» тұтастыққа жетуін И.Б. «бақыт» деп қарастырады. Философ немесе философтар тобы бақытқа қалай қол жеткізе алады немесе олар қоғам шеңберінде жоғары интеллектуалдық және адамгершілік қасиеттерін қалай меңгереді. Бұл жердегі көзделіп отырған негізгі мәселе дана-философтардың бақытқа жету жолдары жайында болмақ. И.Б. мемлекет саяси бірлестік ретінде бақытқа жету үшін керек табиғи қажеттілік, онда тұрғындар өздерінің табиғи қабілеттілігіне сай басқарушылар және бағыныштылар болып бөлінеді. Мемлекет пен тұлғаның өзара тәуелділігін қарастыра келе И.Б. бақытқа ұмтылушы адамдар арасындағы байланысты орнатып, осы талпыныстың мемлекет арқылы жүзеге асырылуын қадағалады. Платон мен Аристотель ілімдеріндегі мемлекеттің жетілген және жетілмеген типтеріне сүйене отырып, И.Б. оның екі альтернативті қызметін бөліп көрсетті. Бірінішісі, негізгі мақсат – бақытқа жетуді жетілген мемлекет азаматтарының басшылығымен жүзеге асыру, екіншісі жетілмеген мемлекеттегі негізге қол жеткізу үшін кезекті шарт ретінде жеке мақсаттарға жетуге ықпал ету. Сонымен қатар, ғалымның ойынша, шынайы бақытқа «бірігу» арқылы қол жеткіземіз. Олай болса жетілмеген мемлекет оған кедергі келтірсе, жетілген мемлекет – ол үшін тек қолайлы жағдай туғызады. Шығармалары: «Қоштасу жолдауы», «Бірігушілердің тіршілік бейнесі», «Жан туралы кітап», «Ақылдың адаммен бірігуі туралы жолдау».
-
Ибн-Туфейл
(латынша Абубацер), (XII ғ басы - 1185) ғалым, дәрігер, магрибиндік бағыттың (арабтілді перипатетизмнің) өкілі. XII ғ басында Кадис қаласында дүниеге келген. 1154 жылдан бастап Солтүстік Африкада тұрып, Әбу Якуб Жүсіп деген халифтің отбасылық дәрігері болған. 1185 жылы Марракеште қайтыс болған. И.Т. көзқарасына Ибн Синаның шығармашылығы айтарлықтай ықпал етті. Олай дейтін себебіміз, біздің заманымызға дейін келіп жеткен Авиценна екеуінің бір аттас шығармалары (Хайе және Якзанның ұлы туралы роман). Романның негізгі концепциясы - халифтердің игі ниетті қатынасы - интеллектуалдарды қудалау мен дін басылары ықпалының өсуін, кітаптарды өртеп және сенімсіздік таныту арқылы жазалаумен алмасқан дәуірде өмір сүрген андалуздық философтардың көңіл-күйін бейнелеуге негізделген. И.Т. әл-Киндиден бастау алған «таңдаулы» философтарды ақиқатты білім тән емес ар-ождансыз «халықтан» бөлу дәстүрін жалғастырды.
-
Ибн-Халдун Абдар-Рахман Абу Зейд
(1332-1406) - арабтық мемлекеттік және қоғам қайраткері, мәдениет тарихшысы, әлеуметтанушы философ. «Арабтық Маркс» деген атпенде танымал. И.Х. жеке әлеуметтік пән ретінде қоғамдық даму теориясын жасаған. Ұрпақтардың ауысу үдерісіндегі қоғамдық болмыстың адамдарға ықпалын, өркениеттердің көтерілу және құлдырау жүйесін қарастырды. Мемлекеттердің пайда болу себептерін, олардың дамуы мен ыдырауы жайында талдау жасады. И.Х. өркениеттердің тарихи айналымына қатысты тұжырымында географиялық орта мен әлеуметтік-экономикалық факторлардың дамуына ерекше көңіл бөліп қарастырды. Мемлекеттегі басқару сипаты мен мәдениеттің даму деңгейі И.Х. бойынша қоғамдық еңбек бөлінісі деңгейі және басқарушылар мен бағынушылардың байсалдылық дәрежесімен жанаса қамтылған. Негізгі шығармалары: «Дүниежүзілік тарих», «Философия тарихына кіріспе», Көптомды «арабтар, парсылар, берберлер және қазіргі таңдағы өзгеде құдіретті халықтардың тарихынан мәліметтер және мысалдарды оқыту кітабы».